Атырауда 2000 орындық концерт залы мен тарихи-өлкетану мұражайының құрылысы басталмақ

457

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.  

Атырауда 2000 орындық концерт залы мен тарихи-өлкетану мұражайының құрылысы басталмақ Фото: gov.kz

Биыл Атырау қаласының Әбілхайыр хан даңғылы бойынан 2000 орындық концерт залы мен тарихи-өлкетану мұражайы құрылысын салу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған құрылыс нысаны бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Қазіргі таңда Әбілхайыр хан даңғылы бойында бұрын құрылысы басталып, аяқталмай тұрған концерт залының ғимаратын бұзуға ЖСҚ дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жаңа концерт залы сүрілген ғимарат орнына салынады. Құрылыстың бас жобалаушысы "Engeneering Center ltd" ЖШС компаниясы. Жер учаскесі 5,1 гектар, ал ғимараттың жалпы ауданы 34 618 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, бұзу жұмыстарына тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Жобалау жұмыстары 2024 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады, ал жалпы құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарланды.

Аталған жобада бірінші қабатта концерт залы мен мұражайдың фойесі, бақылау палубасына кіру, екі киім-кешек бөлмесі, екі қойма және үлкен мәжіліс залы бар. Сондай-ақ, әр блокта әкімшілік және көмекші кабинеттер қарастырылған. Ал екінші қабатта 1200 орындық концерт залдары, мұражай экспозициясы, қойма бөлмелері және кіші конференц залы болады. Сондай-ақ, залдардың әрқайсысы үшін суретшілер мен киім ауыстыратын бөлмелер қарастырылған. Үлкен залда көрінбейтін музыканттар сахналық қойылымды сүйемелдеу үшін оркестр шұңқыры болады. Бұдан бөлек ғимаратта екі көлік тұрағы салынады.

Айта кетейік, Балалар үшін хореография залы мен музыкалық студиялар жұмыс істейді. Домбыра мүсініндегі ғимарат қала көрінісін тамашалау үшін шолу лифті болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу