Атырауда 21 млрд теңгенің инвестициялық жобалары қорғалды

185

Прокуратура кәсіпкерлерге кедергілерді жойып, бірқатар ірі жобалардың іске асуына жол ашты.  

Атырауда 21 млрд теңгенің инвестициялық жобалары қорғалды Фото: magnific.com

Атырау облысы Махамбет ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, жалпы құны 21 млрд теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асырып жатқан 3 инвестор мен 99 кәсіпкердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соның бірі – тауарлық балық өнімдерін өндірумен айналысатын "А-Дана" шаруа қожалығы. Тексеру барысында уәкілетті органның прокурор келісімінсіз инвесторға 281 млн теңге көлемінде талап-арыз бергені анықталды. Прокуратура араласқаннан кейін заң бұзушылық жойылып, кәсіпорынның кепілдегі мүлкі босатылды. Бұл жоба жұмысының үздіксіз жалғасуына мүмкіндік берді.

Сондай-ақ "Atyrau-Chicken" ЖШС құс фабрикасын салу үшін қажетті санитариялық және ветеринариялық қорытындыларды алуға қолдау көрсетілді. Жоба іске қосылған жағдайда жылына 5 мың тонна құс етін өндіру көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, 3,5 млрд теңгелік жылыжай кешенін газ желісіне қосуға қатысты рұқсат құжаттары рәсімделді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 99 кәсіпкер үшін электр энергиясының тарифтері төмендетіліп, су жүйесіне қосылу шарттары реттелді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша берешектер өтелді.

Қазіргі таңда инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу