Атырауда 21 мың оқушы кезекші сыныптарда оқитын болды

1245

"Бұл сабақ бұрынғы сабақтан өзгеше".  

Атырауда  21 мың оқушы кезекші сыныптарда оқитын болды

Атырауда жаңа оқу жылына дайындық басталды. Облыстағы шағын комплектілі мектептер мен бастауыш сыныптарда соған байланысты "кезекші сыныптар" жасақталып жатыр. Баласын бастауыштағы кезекші сыныптарда оқытуға әзірге 21 мың өтініш келіп түскен. Өтініш иелері – мектеп жасындағы ұлы мен қызын қалдыратын жері жоқ жұмысбасты ата-аналар.

"Кезекші сыныптар 170 мектепте 140 сынып жиынтығында ашылады деп жоспарлап отырмыз. Оларда сыныптағы бала саны он бестен аспайды.  Сабақтар бір кабинетте өткізіліп, үзіліс әр түрлі уақытта болады", – деп түсіндірді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Алмагүл Қайырлиева.

Белгілі болғандай, орта білім беру мекемелерінде оқушылардың сабаққа келіп-кету және үзіліс кезінде топталып қалуын болдырмау мақсатында сабақ кестелері арнайылап жасалып жатыр екен. Карантин ережелеріне сай дүркін-дүркін залалсыздандыру талаптары да сақталып отырады.

Ал облыстағы шағын мектеп саны – 14. Жаңа оқу жылы осы мектептерден 880 оқушы штаттық режимде, яғни дәстүрлі бағытта сабақ оқиды деп жоспарлануда.

Атырау облысында оқушыларға қажетті компьютер жетіспеушілігін шешу мақсатында 15246 мектеп компьютері қайтарымды келісіммен таратылып жатыр. Қазіргі уақытта 16 мыңнан астам оқушының компьютері жоқтығы анықталған. Бұл мәселені шешу үшін мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға берілмек.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу