Атырауда 222 адам ​ бизнес бастау үшін несие мен гранттар алды

721

Сонымен бірге, 3 320 адам тұрақты жұмысқа, 4 600 адам қоғамдық жұмыстарға, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған. 

Атырауда 222 адам ​ бизнес бастау үшін несие мен гранттар алды

Атырау облысында 222 адам өз бизнесін бастау үшін несие мен гранттар алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, биылғы алты айда "Еңбек" бағдарламасы аясында берілген несие мен гранттардың жалпы сомасы 600 млн теңгені құрап отыр. Бұл қаржыны бизнесін бастау үшін 222 адам алған. "Биыл кәсіпкерлік негіздеріне 368 адам оқытылды. Ал, қысқа мерзімді оқуға 677 адам жіберілді. Сонымен бірге, 3 320 адам тұрақты жұмысқа, 4 600 адам қоғамдық жұмыстарға, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды",- деді Махамбет Досмұхамбетов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу