Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды

209

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды.

Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды Фото: polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Нұрсая ықшам ауданында күдік тудырған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында салмағы 277,4 келі бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі деп саналмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу