28 желтоқсан күні шамамен сағат 13:40-та Томарлы ауылында үш адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, үш адамның өліміне табиғи газбен жұмыс істеген жылыту пешінде тартудың болмауы себеп болған.
“Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлайды басылым.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу