Атырауда 3 балабақшаның меңгерушісі 16,5 млн теңге жымқырған

176

Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Атырауда 3 балабақшаның меңгерушісі 16,5 млн теңге жымқырған Фото: freepik

Атырау қаласындағы 3 балабақшаның меңгерушісі мемлекеттен 16,5 млн теңгені алаяқтық жолмен алғаны анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық прокуратура білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне тексеру жұмыстарын жүргізді.

"Тексеру санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, медициналық талапқа қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Соған байланысты бірнеше айыппұл салу ұйғарылды. Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 14 жеке, 42 мемлекеттік мектеп пен 30 жеке, 20 мемлекеттік балабақшаға 63 040 900 теңге, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті 9 жеке, 2 мемлекеттік мектепке, 14 жеке, 8 мемлекеттік балабақшаға 4 287 360 теңге, төтенше жағдайлар басқармасы 3 жеке, 1 мемлекеттік мектепке, 20 жеке, 20 мемлекеттік балабақшаға 1 218 360 теңге, білім саласында сапаны қамтамсыз ету департаменті 12 жеке, 47 мемлекеттік мектеп пен 11 жеке, 1 мемлекеттік балабақша 11 795 940 теңге, еңбек инспекциясы басқармасы 2 жеке мектеп пен 4 жеке балабақшаға 1 772 160 теңге айыппұл салды",  – деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Білім беру саласындағы тексеру қорытындысымен 260 прокурорлық қадағалау актісі енгізілген. Соның нәтижесінде 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған. Ал, мемлекет пайдасына 82 114 720 теңге айыппұл өндірілді.

"Мемлекеттен алаяқтық жолмен заңсыз 16,5 млн теңге алған үш балабақшаның меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Заңсыз алынған қаржы мемлекетке толық қайтарылды. Қалалық прокуратура балалардың қауіпсіздігі мен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын басты назарда ұстайды",  – деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу