Атырауда 3 спорт нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды

102

Олардың ішінде "Атырау" футбол клубы да бар.  

Атырауда 3 спорт нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: azh.kz

Атырауда сенімгерлік басқаруда болған 3 спорт нысаны мемлекет меншігіне беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орталық дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мұз айдыны енді Атырау облыстық спорт және туризм басқармасының тікелей бақылауында болады.

Мемлекет басшысының спорттық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде тағы 2 нысанды мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр.

Мемлекет меншігіне қайтарылған спорттық нысандарда балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін үйірмелер мен спорт секциялары тұрақты түрде жалғасады.

Сонымен қатар, сенімгерлік басқарудағы "Орталық жүзу бассейнін" мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары да басталды.

"Бұл өзгеріс өңірдегі спорт саласының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ спорттық нысандардың қызмет сапасын жақсартуға жол ашады. Мемлекеттік бақылауға өткеннен кейін осы мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, қызмет сапасын көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар бұл нысандар халық үшін бұрынғыдан да қолжетімді болмақ", – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу