Олар көшеден шамамен 300 мың теңге салынған әмиян тауып алып, полиция қызметкерлеріне тапсырған.
Оқушылардың адал әрекетінің арқасында тәртіп сақшылары әмиян иесін анықтап, ақшасын қайтарып берген.
Бұл оқиға Атырау облысы полиция департаментінің назарынан тыс қалмады. Департамент басшысы Оңал Бекеев Зейнолла Қабдолов атындағы мектепке арнайы барып, оқушылармен кездесті.

Ол балаларға адалдығы мен азаматтық жауапкершілігі үшін алғыс айтып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Полиция өкілдері оқушылардың бұл әрекеті адамгершілік пен адалдықтың жарқын үлгісі екенін атап өтті. Осындай игі істер өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.