Атырауда 313 отбасыға тұрғын үй көмегі ретінде 12,5 млн теңге төленді

933

Атырауда 313 отбасыға тұрғын үй көмегі үшін 12,5 млн теңге берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырауда 313 отбасыға тұрғын үй көмегі ретінде 12,5 млн теңге төленді

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, көмек алған әлеуметтік тұрмысы төмен 313 отбасында 671 адам бар.

"Тұрғын үй көмегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңына сәйкес, аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында беріледі. Бұл көмекті тағайындау кезінде өткен тоқсанның табысы мен өткен тоқсанға төленген шығыстар қаралады. Атырау облысында тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жол берілетін шектің үлесі 5 пайызды құрайды. ​Осы жылдың 1 қарашасына аз қамтылған 671 адамнан тұратын 313 отбасына 12,5 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді", - дейді Азамат Мәмбетов.

Оның айтуынша, зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектер, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, аз қамтылған азаматтар, балалар мен қарт адамдарға күтім жасап отырғандар тұрғын үй көмегін алушылардың санатына жатады.

Тұрғын үй көмегін алу үшін "Электрондық үкімет" порталы арқылы өтініш жолдауға немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ арқылы тиісті құжаттармен бірге өтініш беруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу