Атырауда 384 шетелдік жауапқа тартылды

824

Еліміздің көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 447 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 384 шетелдік жауапқа тартылды

"Жедел-сауқтыру шарасы барысында миграциялық полиция өкілдері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 447 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. 384 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келу тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Елге шетелдік жұмыс күшін тартып, оларды пайдаланғаны үшін Атыраудың 16 тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды", – деп хабарлады Миграциялық полиция басқармасының бастығы Болат Досқалиев.

Заң бұзғандардың барлығына әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға айыппұл салынып, шетелдіктердің бірқатары ҚР аумағынан депортацияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу