Атырауда 39 көп қабатты үйдің құрылысы басталды

821

Атырауда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 39 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Атырауда 39 көп қабатты үйдің құрылысы басталды

Бұл туралы Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Тимур Басаров мәлімдеді, деп хабарлайды atpress.kz.

Қазіргі уақытта "Береке" ықшам ауданындағы 72 пәтерлік 17 тұрғын үй және "Нұрсая" шағын ауданындағы 72 пәтерлі 8 тұрғын үй, сондай-ақ, қаладағы Байжігітов көшесіндегі 30 пәтерлік үйдің құрылысы жалғасуда.

Сондай-ақ, Ақсай ауылы мен Атырау қаласында 350 орындық екі музыкалық мектеп салынбақшы. Бүгінде оның құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

Алдағы уақытта облыс орталығында бес жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға беріледі. Жобалық-сметалық құжаттамаға оң қорытынды жасалды, тиісінше, құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс жарияланған.

Сонымен қатар, келешекте "Нұрсая" ықшам ауданына саябақ салынып, Жеңіс саябағы кеңейтіліп, Еркінқала ауылында спорттық-сауықтыру кешені іске қосылады деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу