Атырауда 4 тоннадан артық балық тәркіленді

1251

Балықшылар рұқсат етілген мерзімді күтпей, асығыстық жасаған. 

Атырауда 4 тоннадан артық балық тәркіленді

Атырау облысында рейд кезінде 4 тонна 361 келі артық балық тәркіленді. Заңсыз ауланған ірі балық партиясынан мемлекетке 23 161 563,4 теңге шығын келген, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл жөнінде "Жайық-Каспий" облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы Құрманғазы аудандық бөлімінің қызметкерлерінің шекара қызметкерімен бірлесіп өткізген шарасы кезінде белгілі болған. 

"Іс-шара кезінде Құрманғазы ауданындағы Иголкино каналы бойынан шағын кеме тексерілді. Кемеден 4 тонна 361 келі балық тәркіленді. Оның ішінде 2 563 келі сазан, 83 келі сыла, 772 келі жайын, 264 келі мөңке, 360 келі шортан, 319 келі көксерке балығы Иголкино учаскесінен тыйым салынған мезгілде заңсыз ауланған. Тәркіленген балық сол күні "Амангелді" ЖШС-на тапсырылды. Ал шағын кеме Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінде уақытша сақтауға қойылды", - деп хабарлады инспекция мамандары. 

Қазіргі күні деректің мән-жайын аудандық полиция бөлімі анықтауда. Қайық иелері жөніндегі мәлімет тергеу қүпиясына сәйкес жарияланбай отыр.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу