Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болды

529

Оқиға 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған.

Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болды Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болды. Қазір аталған оқиға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оқиға 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған.

Күндізгі сағат 11:00 шамасында "Чебурашка" жеке балабақшасында 4 жасар бала кәріз құдығына құлап кеткен. Оқиға орнына құтқару қызметі мен полиция шақыртылған.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған оқиғаға байланысты кешенді тергеу жүргізіледі.

"Қазір Атырау қалалық полиция басқармасында жеке меншік балабақшада 4 жасар баланың кәріз құдығына құлап, қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу