Атырауда 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

433

Ол оқиға орнында көз жұмды.

Атырауда 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті Фото: google.com

Атырауда төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 қыркүйекте кешкі сағат 19.30-да болған. 

"Төрт жасар кішкентай сәби бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Ауыр жарақат алған бала  есін жимастан оқиға орнында жан тапсырған", делінген хабарламада.

Полиция бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттердің орындалмауына қатысты 141-бабына сәйкес алдын ала тергеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу