Атырауда 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды

481

ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.

Атырауда 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды

Атырауда 5-қабаттан құлаған 4 жасар бала мерт болды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға кеше, 10 қыркүйекте тіркелген.

"Жергілікті уақытпен сағат 19:30 шамасында көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан 2019 жылғы бала құлап кеткен. Балақай әртүрлі дене жарақатының салдарынан есін жимастан қайтыс болды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Белгілі болғандай, баланың ата-анасы Атырау қаласының тұрғындары екені анықталған. Бұл отбасы Махамбет көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде тұрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу