Атырауда 40 жастағы әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған

895

Баланың шырылдаған даусын көшедегілер байқаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Атырауда 40 жастағы әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған Фото: uly-alash.kz

Артынша бүлдіршін балалар үйіне орналастырылып, анасы айықтыру орталығына жіберілген.

Белгілі болғандай баланың тоқтамай шырқырап жылаған дауысын естіп, көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар полицейге хабар берген.

Астана арнасының жазуынша, ішімдікке сылқия тойған анасының 3 жасар бөбегіне қарауға шамасы келмеген. Полицейлер 40 жастағы жалғызбасты әйелдің бұған дейін де ерсі әрекетін байқаған.

"Жүйелі түрде алкогольдік ішімдік ішкен күйінде бала тәрбиесімен айналыспаған ата-аналарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекісінің 127-бабында әкімшілік жаңапкершілік көзделген. Жыл басынан 10 шақты ата-анаға қатысты әкімшілік жазалар қолданылған болатын", – деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Айнұр Махметова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу