Атырауда 40 жыл бұрын ашылған қоқыс полигоны ауаны ластауда

1226

Полигонда қазір 2 миллион тоннадан аса қоқыс бар. 

Атырауда 40 жыл бұрын ашылған қоқыс полигоны ауаны ластауда

Атырауда қоқыс полигоны қалпына келтіріледі. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда қалалық мәслихаттың XXVI сессиясы өткізілді, онда қоқыс полигонын қалпына келтіру және қала сыртына шығару мәселесі талқыланды.

Сессияға қатысушылардың айтуынша, Атыраудағы қоқыс мәселесі бұрыннан бар. Күні бүгін қолданыстағы Атыраудан бес шақырым жерде орналысқан қоқыс полигоны 40 жыл бұрын ашылған, алайда белгілі болғандай, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарына сай келмейді.

"Арнайы автобаза" ЖШС мәліметі бойынша, қалалық қоқысқа тәулігіне 236 тонна қоқыс шығарылады, қатты тұрмыстық қалдықтар айына 7 мың тоннадан астам, жылдық көлемі - 85 мың тонна. Қазіргі уақытта жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 2 миллион тоннадан асады. Осылайша, қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған орын өрт жиі орын алатын, қаланың атмосферасын ластаудың негізгі көзі болып отыр.

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлының айтуынша, қазіргі уақытта қала сыртындағы қоқыс полигонын реттеп, ауыстыру мәселесі қаралуда, жақын арада осы экологиялық проблеманы шешу бойынша шаралар қабылданатын болады.

"Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Мәселе кезең-кезеңімен шешілетін болады, қазірде бірнеше жобалар бар. Өздеріңіз білетіндей, әрбір жоба алдымен мемлекеттік сараптамадан өтуі керек, оң шешім қабылдануы қажет, содан кейін оны орындау үшін бюджет бекітіледі, орындаушы жарияланады. Кейде рәсім 2 жылға дейін созылуы мүмкін.Бұл жұмысты бұрынғы әкім Серік Шапкенов бастаған болатын, біз оны жалғастырудамыз", - деді Алимұхаммед Құттұмұратұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу