Атырауда 45 отбасы баспаналы болды

1014

Атырауда 45 отбасы баспаналы болды

Атырауда 45 отбасы пәтер алды, деп хабарлайды atpress.kz.

Мемлекеттік "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында "Нұрсая" мөлтекауданында тұрғызылған 45 пәтерлік тұрғын үй негізінен ұзақ жыл бойы баспана кезегінде тұрғандарға, мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін азаматтарға берілді.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидың айтуынша, алдағы уақытта облыс орталығында тағы да 15 көпқабатты үй, яғни 865 пәтер тапсырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу