Атырауда 5 млрд теңгеден астам айыппұл өндірілді

553

Бұл экологиялық талаптарды бұзған компаниялардан келіп түскен. 

Атырауда 5 млрд теңгеден астам айыппұл өндірілді

Атырау облыстық экология департаменті 2020 жылдың басынан бері қоршаған орта жағдайына 46 рет тексеру жүргізген, оның 11-і профилактикалық бақылау, 35-і жоспардан тыс тексеру. Тексеру нәтижелері бойынша 130 заң бұзушылық анықталып, оларды жоюға байланысты 85 ұйғарым берілген. 

Сондай-ақ биыл мемлекет кірісіне 5 млрд 169 млн 636 мың теңге өндіріліп отыр. Оның ішінде 54 әкімшілік айыппұл салынып, ол бойынша 88 млн 299 мың теңге, қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы 42 нұсқама беріліп, ол бойынша 78 млн 592 мың теңге өндірілген. Сонымен қатар 2019 жылдан қалған залалды өтеу туралы 12 нұсқама бойынша 5 млрд 91 млн 44 мың теңге де қазынаға осы жылы келіп түсіпті. 

"Айыппұл өндірілген мекемелердің қатарында "Ембімұнайгаз", Атырау халықаралық әуежайы, Атырау су арнасы мекемелері бар", – дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегенов.

Экологиялық талаптарды бұзған ұйымдардан мемлекеттік бюджетке келіп түсетін қаражат аз емес, өкінішке қарай, кейбір өндіріс компаниялары табиғатты қорғау шараларына шығындалғанша, айыппұл төлеп құтылуды әдетке айналдырған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу