Атырауда балабақшада 5 жасар бүлдіршіннің қолы сынып, миы шайқалған

145

Оқиға қаладағы жекеменшік балаларды дамыту орталығында болған.  

Атырауда балабақшада 5 жасар бүлдіршіннің қолы сынып, миы шайқалған Фото: azh.kz

Алғашында баланың анасына тәрбиеші қоңырау шалып, қызыңыз баспалдақтан құлап қалды деп хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орталыққа дереу жеткен ата-ана бірден бақылау камерасынан болған жағдайды көрсетуді сұраған.

Бірақ орталықтың қызметкерлер:"Камера өшіп тұрды, монитор жұмыс істемейді", – деп хабар берген. 

Дәл сол кезде баланың жағдайы нашарлап, дереу жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Толық тексерістен соң баланың миы шайқалғаны, оған қоса екі қолының сынғаны анықталған.

Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал орталықтың білім бөліміне не бақылау департментіне ашылғаны туралы хабарлама бермей, тіркелмей жұмыс істегені анықталды.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп хабарлады ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсотова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу