Атырауда 50 отбасына "Жайық шұғыласы" тегін жеткізіледі

2437

Атырауда 50 отбасына "Жайық шұғыласы" тегін жеткізіледі

Махамбет аудандық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Сағынғали Шотпақов елу отбасын жергілікті "Жайық шұғыласы" газетіне жаздырды, деп хабарлайды atpress.kz.

"Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде газеттің алатын орны қашанда ерекше. Жергілікті "Жайық шұғыласында" ауданымыздың тыныс-тіршілігі жарияланады. Өзіміз танитын адамдардың, олардың балаларының жеткен жетістіктерін, газеттен оқып, қуанып қаламыз. Өз басым "Жайық шұғыласы", "Атырау" газеттері жерлестерімізді бірлікке, достыққа, татулыққа тәрбиелейтін құралдың бірі деп санаймын", - дейді кәсіпкер Сағынғали Шотпақоватың өзі. 

Айта кетелік, Махамбет ауданындағы халық саны 34 мыңға жуықтайды. Аудан бойынша жылына орта есеппен 19 мың дана газет-журнал жазылушыларға жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу