Атырауда 500 үй электр қуатына қайта қосылды

189

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағалиев өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырауда 500 үй электр қуатына қайта қосылды Фото: egemen.kz

"Жылыой ауданындағы жағдайға қатысты оң динамика байқалады – соңғы бірнеше күнде Жем өзеніндегі су деңгейі 85 см төмендеді, Доссор-Құлсары тас жолын қалпына келтіру жалғасуда. Сондай-ақ, қаланың өзінде су айдау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл мақсатқа 58 техника жұмылдырылды, өткен тәулікте 11 мың текше метр су сорылды", - деді Руслан Жұмағазиев Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Қазір 500 үйге электр қуаты қайта берілді, күн сайын 60-тан 100-ге дейін үй қосылып отырады.

"Жылыой ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, күн сайын су сынамалары алынады. Автожанармай құю станцияларының, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі қайта жанданды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу