Атырауда 510 шақырымнан астам бөгет тұрғызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Біз біргеміз!" телемарафонына сілтеме жасап.
Қызыл судан зардап шеккен Құлсарыда 340-қа жуық, ал Қызылқоға ауданында 193 бас түрт-түліктің өлексесі жиналды. Қазір малынан айырылған жұрттан өтініш қабылданып жатыр.
Ал тасқын қауіпі төніп тұрған Жайық бойындағы Индер мен Махамбет ауданында ұзын саны 11 мың бас түлік өткен аптада ғана қауіпсіз жерге айдалды. Жалпы өңірде тасқынға қарсы жұмыс аяқталып келді.
"Біз біргеміз!" телемарафоны тікелей эфирде жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу