Атырауда 5700 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

716

Полиция қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан түсіндірмелерге қарамастан, жаяу жүргіншілер тарапынан жолды кез келген жерден кесіп өту азаймай отыр.

Атырауда 5700 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

Көп ретте жаяу жүргіншілер сауда орталықтары мен қиылыстардың жанында жолдың тыйым салынған бөлігінен кесіп өтіп, жол қозғалысы ережелерін бұзады.
Өздерінің әрекеттерін "дүкенге немесе аялдамаға бару үшін жолды кесіп өткен оңай, себебі жаяу жүргіншілер өткелі тым алыс, не болмаса оған баруға уақыт жоқ" деп ақталады. Алайда, осындай құқықбұзушылықтардың соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жататынын ескере бермейді. 

16 қараша күні сағат 19:30 шамасында 56-жастағы жүргізушінің басқаруындағы  Daewoo қоғамдық көлігі С.Датов көшесі бойында орналасқан "Sinoil" жанар-жағармай бекеті тұсында жолдың тыйым салынған бөлігінен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Салдарынан ол ауруханада көз жұмды.

17 қараша күні сағат  10:34 Азаттық даңғылындағы үйлердің бірінің тұсында 1987 ж. азамат жолдың тыйым салынған бөлігінен жолды кесіп өткені үшін тоқтатылды.  Жаяу жүргіншілермен жолда жүру қағидатын бұзған үшін ҚРӘҚБтК 615 бабымен
әкімшілік хаттама жасақталып, 8334 теңге көлемінде айыппұл салынды.

18 қараша күні сағат  12:56 Тайманов көшесіндегі  жанар-жағар май бекеті тұсында белгіленбеген тұстан өткен 1988 ж.т. жаяу жүргіншіге де 8334 теңге айыппұл салынды.

Жыл басынан Атырау қаласында патрульдік полиция қызметкерлерімен 5715 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсына 8334 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, көлікке қағылған 25  жаяу жүргіншінің 15-і белгіленбеген жерден өткендер.

Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерден, белгіленген өткелдерден өту кезінде абай болуды, жақындап келе жатқан көлік өзіңізді өткізіп жіберетініне көз жеткізіп, содан кейін ғана өтуді бастауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу