Атырауда 6 адам қызылшамен ауруханаға түсті

508

Оның екеуі вирусты инфекцияны шет елдерден, яғни Түркия мен Тәжікстаннан жұқтырып келген.  

Атырауда 6 адам қызылшамен ауруханаға түсті Фото: Жайық Пресс

Өткен айдан бастап, бұл дертпен 16 жағдай тіркеліпті. Көпшілігі 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Қазір 10 науқастан сынама алынып, анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Науқастармен байланыста болғандар анықталып, дәрігерлер бақылауында. Өңірде қызылшаға қарсы 22 мың доза вакцина бар. Дәрігерлер тұрғындарды  жұқпалы аурудан қорғануға үндеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу