Атырауда 6 айлық сәби SIM-карта жұтып қойды

1028

Қазіргі уақытта бүлдіршіннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Атырауда 6 айлық сәби SIM-карта жұтып қойды Фото: canva.com

Атырауда ұялы телефонның сим-картасы 6 айлық қыздың тыныс алу жолдарына кіріп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анасының айтуынша, сәби кенеттен жөтеле бастаған. Баланың жағдайын байқаған әйел адам дереу жедел жәрдем шақырып, қызының бірдеңені жұтып, тұншығып жатқанын айтқан. Жедел жәрдем диспетчері шақыруды дереу дәрігер-консультанттың пультіне ауыстырды.

"Дәрігер-кеңесші Гүлназ Қырықбаева баланың туыстарына алгоритм бойынша "Қоңырауды ұстап тұру" әдісі бойынша кезең-кезеңімен әрекеттерді ұсынуға кеңес берді. Телефон арқылы алғашқы медициналық көмек көрсеткен дәрігер-консультанттың арқасында баланың өмірі аман қалды. Дәрігердің телефон арқылы берген нақты нұсқауы бойынша туыстары бөгде затты өз бетінше алып шықты", - деді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу