Атырауда 6 жасар қыз 5-қабаттан құлап кетті

477

Ол жансақтау бөліміне түсті.

Атырауда 6 жасар қыз 5-қабаттан құлап кетті

Атырауда 6 жасар бала 5-қабаттан құлап, аурухананың жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Кеше, 13 тамызда жергілікті уақытпен сағат 22:00 шамасында 6 жасар қыздың Атырау қаласының Вокзал маңы-3а шағынауданындағы тұрғын үйдің 5-қабатынан құлағаны туралы хабар түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері оқиға орнына жедел жетіп, 6 жасар қыздың үйде қараусыз қалғанын анықтады. Зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр", -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу