Атырауда 6 жасар қыз желшешектен қайтыс болды

916

Желшешек – ауа арқылы жұғатын инфекциялық ауру. 

Атырауда 6 жасар қыз желшешектен қайтыс болды

Атырауда 6 жасар қыз желшешек жұқтырып, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алты жасар қыз бала ауруханада желшешектен қайтыс болды. Ол ауруханаға түскен кезде қалыптан тыс синдром жағдайында болды", – деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Желшешек – ауа арқылы жұғатын инфекциялық ауру. Онымен негізінен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Сырқаттың инкубациялық кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14-15 күнге созылады. Ауру басталғанда температура көтеріліп, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу