Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы "Учаске" және "Бекіре-2025" жедел-профилактикалық шаралары барысында бекіре балығы мен уылдырығын заңсыз сатумен айналысқан 2 күдіктіні ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ олардың автокөлігінен 1,6 келі бекіре балығы мен 500 грамм уылдырық тәркіленді.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу