Атырауда 9 студент жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді

906

Бұған дейін де колледждің 20 студенті ауруханаға жатқызылған болатын.

Атырауда 9 студент жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді

Атырау қаласындағы колледжде белгісіз газдан уланған студенттердің саны 29-ға жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Кеше түнде тағы 9 студент үйлерінен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бұған дейін де 20 бала ем-дом қабылдап жатқан болатын.

Еске салсақ, кеше түс уақытында облыс орталығындағы колледждердің бірінде студенттер өздерін жайсыз сезініп, жаппай ауырған. Олар шұғыл түрде ауруханаларға орналастырылды. Кейін құқық қорғау органдары осы колледждің 2002 жылы туған студентін күдікті ретінде ұстады. Одан тыныс жолдарын бітейтін бұрышты газ баллоны алынды. Қазір тергеу тексеру амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу