Атырауда 9 жасар бала күйіктен қайтыс болды

564

Бала сорпа құйылған қазанды қағып, қатты күйік алған.  

Атырауда 9 жасар бала күйіктен қайтыс болды

Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері оның өмірі үшін ақырына дейін күрескенімен, баланы аман алып қала алмады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Облыстық балалар ауруханасы өкілдерінің айтуынша, бала ауруханаға 9 маусымда түскен, ол жансақтау бөліміне жатқызылған. 14 маусымда бала қайтыс болды.

"Күйік 50-55%-ды құрады. Баланың жағдайы өте ауыр болды. Нұр-Сұлтандық мамандармен үнемі байланыста болдық, қажетті ем жүргіздік. Баланы құтқару мүмкін болмады", - деді травматология бөлімінің меңгерушісі Сергей Хван.

Дәрігерлер өткен жылмен салыстырғанда балалар арасындағы күйік жарақаттары 1,5 есеге артқанын атап өтті. Жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасына түрлі күйік шалған 200-ге жуық бала жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу