Атырауда 9 жасар қыздың үстіне қақпа құлап кетті

728

Оқиғаға қатысты тергеу ісі жүргізіліп жатыр. 

Атырауда 9 жасар қыздың үстіне қақпа құлап кетті Фото: inbusiness.kz

Атырауда қақпа құлап, жарақат алған бүлдіршін облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқиға 8 қазанда болған.

"Ауруханаға күндізгі сағат 15:20-да  түсті. Пациент басынан ауыр жарақат алған. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінда жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастың жағдайы ауыр", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 

Ал, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке байланысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 8 қазан күні тіркелген оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу