Атырау облысының әкімі ағымдағы жылдың ақпан айында халыққа есеп беру кездесуінде жобаны таныстырған болатын, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тутұғыр Жангелдин-Құлманов көшелерінің қиылысында орналасатын болады. Кешеннің аумағы 57 шаршы метрді, биіктігі 91 метрді қамтиды. Тутұғыр көлемі 112 шаршы метр болатын жаңа алаңда орналасады.
Сонымен қатар, тутұғырдың екі жағына екі субұрқақ салынады. Субұрқақтар бес деңгейден тұратын каскад түрінде жасалады. Бұл қаланың барлық жағынан көрінетін ең биік құрылыс болмақ.
Айта кетейік, құрылыс жер пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдарынан төленіп, мемлекеттік жеке меншікке қайтарылған қолданбаған жер бөлігінде орналасады.