Атырауда Абай ескерткіші ашылды

2414

Жналған жұрт Ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. 

Атырауда Абай ескерткіші ашылды

Тұғырымен қоса есептегенде жалпы биіктігі 11 метр болатын ұлы ойшылдың мүсіні Атырау қаласындағы Абай орталығының дәл алдына орнатылды. Ескерткіштің 5 метрі қоладан, қалғаны гранит тастан жасалған.

Ескерткіштің ашылуы бұдан бұрын жоспарланғанмен, пандемияға байланысты кешіктірілген болатын. 

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнату мәселесі 2018 жылы 5 сәуірде өткен Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияда қолдау тауып, 2018 жылдың 14 мамырында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс жолданған. 

Ұсыныс бойынша министрлік жанындағы өткен монументтік өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі комиссиясының 2018 жылғы 17 шілдедегі қорытындысымен мақұлданды. 

Ескерткіштің үздік жобасын анықтау бойынша 2019 жылғы 22 сәуірде республикалық ашық конкурс жарияланды. Конкурсқа түскен мүсін жобалары 2019 жылдың 19 қарашасында облыстық комиссияда қаралып, үздік деп танылған екі нұсқа министрлік жанындағы "Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі" республикалық комиссияның қарауына жолданды. 

2019 жылдың 20 қараша күні Республикалық комиссияның шешімі бойынша мүсінші Нартов Асқар Маратұлының ескерткіш жобасы үздік деп танылды. 

Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнату бойынша Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен "Балқыту" ЖШС-мен жалпы соммасы 145 млн 1 теңге 66 тиын болатын келісімшарт жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу