Атырауда Абай туды

1468

Оның салмағы – 3 келі 565 грамм.  

Атырауда Абай туды

Атырауда тамыздың бүгін таңертең салмағы үш келіден артық сәби Абай дүниеге келді.

"Отағасымен ақылдасып, қазақтың Абайының даналығын, білімін берсін деп төртінші перзентіміздің есімін қазақтың ұлы ақынының құрметіне Абай деп қоюды жөн санадық. Оның үстіне дәрігерлер босанатын күнімді 15 тамыз деп белгілеген болатын. Бірақ, сәбиіміз Абай күні туылып, есімді өзі таңдап алғандай болды. Үйдің үлкендері де біздің таңдауымызды қолдап отыр. Абайдың екі ағасы мен апасы бар", – дейді 37 жастағы көпбалалы ана Ақмарал Бәделова.

Атырау облыстық перинаталдық орталығының ана  мен бала бірлескен бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Жұбанышевтың айтуынша, Абай күні орталықта бес ұл мен бес қыз дүниеге келген. 

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу