Атырауда адам саудасы бойынша 13 қылмыс тіркелді

1159

Атырауда адам саудасы бойынша 13 қылмыс тіркелді

Биыл Атырауда адам саудасы бойынша 13 қылмыс тіркелген. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша "Шаңырақ-2008" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған баспасөз-конференциясында айтылды, деп хабарлайды atr.kz.

Конференцияға қатысушылар адам саудасына тосқауыл қою мақсатында өңірде көптеген жұмыстар атқарылғанын баяндады. Мәселен, қалада әр жексенбі сайын тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде, жыл басынан бері 13 қылмыс тіркеліпті. Соның ішіндегі жеті қылмыс жезөкшелікке қатысты.

Бір дәлелге тоқталайық — Алматы қаласының тумасы Атырауға өзімен бірге 5 қызды ертіп әкеліп, Қ.Сәтбаев көшесінде үй жалдап, жезөкшелікпен айналысқан. Түскен акшаны өзі алып отырған. Бүгінде бұл қылмыс әшкереленіп, іс сотқа жолданыпты. Салдарынан, бір адам бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, жедел профилактикалық іс-шаралар кезінде ғаламтор арқылы жезөкшелікпен айналысқандар да тіркеліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу