Атырауда ағаш қалдықтары өңделуде

1297

Алынған ұнтақты малшылар кәдеге жаратуда.  

Атырауда ағаш қалдықтары өңделуде

Атырауда жаңа өндіріс пайда болды. Бұдан былай ағаш қалдықтары өңделіп, тұрғындардың қажетіне жарамақ, -деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл жұмысты "Арнаулы автобаза" ЖШС қолға алған. Қаланы тазартумен айналысатын  мекеме қоқыс-қалдықты тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыруда. "Бір күнде полигонға жеткізілетін 200 тонна  қалдықтың 8 пайызын ағаш қалдықтары құрайды. Бір апта көлемінде уақыт болды, біз  ағаштарды қайта өңдеуді қолға алдық. Ол үшін Польша елінен  құны 25 миллион теңге болатын құрал-жабдық сатып алынды", -  дейді мекеменің баспасөз хатшысы Айдана Жекен.

Білгеніміз, аталған құрал ағаш қалдықтарын ұнтап, дайындап береді. Дайын өнім мал шаруашылығында пайдаланылады. Нақтырақ айтсақ, оны малдың астың құрғақ ұстау үшін қоражайларға төсеуге болады. Ағаш ұнтақтары ылғалды ұзақ уақыт өткізбей сақтайтын тиімділігімен көзге түсіпті. Қазіргі дейін өңделген өнімнің 100 келісі сатылған. Тұрғындар оны көбінесе теректердің түбін төсеу үшін алып жатыр екен.

Айдана Жекеннің айтуынша, аталған құралдың тағы бір артықшылығы қаперге алынған. Оны көлікке тіркеме ретінде жалғап алуға болады және дербес дизель двигателімен жабдықталған. Сол себепті, болашақта оны тапсырыс берушіге тікелей апару мүмкіндігі қарастырылып отыр. Мұндай жағдайда уақыт үнемделеді, әрі қалдықты полигонға тасудың қажеті болмайды.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу