Атырауда ағылшын тілін тегін оқыту курсы басталды

1915

Атырауда ағылшын тілін тегін оқыту курсы басталды

Атырау қаласында ағылшын тіліне тегін оқыту курстарына 18 жастан асқан қаланың кез келген тұрғыны тіркеле алады. Мұнда әліпбиден бастап, ауызекі еркін сөйлеуге дейін үйретіледі, деп хабарлайды atpress.kz.
Бұл жобаны "Білім орда Болашақ" қоғамдық қоры "ЭксонМобил Қазақстан" компаниясының демеушілігімен жүзеге асырға.

Бүгінгі таңда 300-ден астам адам курстан өткен. Олардың 80 пайызы уақытша жұмыссыздар. Ал қатысушылар екі топқа бөлініп оқиды. Оқу жиілігі аптасына үш рет деп бекітілген. 

Ағылшын тіліне тегін оқыту курстарына 18 жастан асқан қаланың кез келген тұрғыны тіркеле алады. Мұнда әліпбиден бастап, ауызекі еркін сөйлеуге дейін үйретіледі. Бірақ әзірге кешкі курс жоқ, тек жұмыс уақытында ғана қатысуға мүмкіндік жасалған. 

"Дамыған және алдыңғы қатарлы ел болуымыз үшін бізде білімге деген талпыныс болуы керек және жаңа заманның сын-тегеуріндеріне тез бейімделе білу қажет. Мақсатымыз – Атырау тұрғындарының біліктіліктерін арттыру, бәсекеге қабілетті болуға жағдай жасау", - дейді жобаның ұйымдастырушысы Марта Хайдарова.

Курстың өтетін орны: Атырау қаласы, Жарбосынов көшесі, 89 А үй, №204 аудитория болып белгіленген. Тегін оқуға алдын-ала жазылу үшін +7777 871-00-95 немесе +7778 192-53-61 нөмірлеріне хабарласу сұралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу