Атырауда әйел екі баласымен бірге уланып қалды

721

Атырауда 42 жастағы әйел екі баласымен бірге көмірқышқыл газына уланып, облыстық ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Атырауда әйел екі баласымен бірге уланып қалды

"Атырау қаласындағы "Мұнайшы" шағын ауданының тұрғыны, 1979 жылы туған әйел 14 және 12 жастағы балаларымен бірге тұрғын үйдің ауласына тазалық жүргізген. Олар жиналған қоқыстарды өртеген. Сол кезде көмірқышқыл газына уланған. Соның салдарынан үшеуі де облыстық ауруханаға түсті" - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 47 адамның сушиден улануына байланысты дәмхананың жұмысын тоқтатқанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу