Атырауда айыппұл көбейді

681

Полиция бірнеше рейд жүргізіп жатыр. 

Атырауда айыппұл көбейді

Атырауда бірнеше құқықтық рейд қатар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, "Таза Қазақстан" акциясы аясында Жайық жағалауын тексеру кезінде ішімдік ішкен үш адам анықталып, олардың әрқайсысына бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Бұдан бөлек, "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде қазірге дейін қырықтан астам тұрғын үй, оннан аса азық-түлік дүкендері, көлік жуу орталықтары, басқа да бірқатар мекеме тексерілді. Осының нәтижесінде Абай көшесінде орналасқан "Аружан" азық-түлік дүкеніне дабылқаққыш пен бейнекамера орнатылмағандығы анықталып, дүкен иесіне қылмыстың алдын алу үшін бақылау құралдарын орнату керектігі түсіндірілді. Осындай көрініс жиі кездескен Дамбы округі бойынша да ауыл басшылығына ұсыныстар айтылған.

Сондай-ақ, мұнайлы астанада 10 қыркүйек күнгі сағат 15:00-де "Сергек" бейнебақылау жүйесі іске қосылған болатын. Одан кейінгі бір ғана тәулік ішінде "ақылды" жүйе үш жүзден астам жолда жүру ережесін бұзу дерегін тіркеген.

"Бұлар, негізінен, тоқтау сызығын, үздіксіз сызықтың қиылысын басу, жылдамдықты арттыру, сондай-ақ, бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өтіп кету", – деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу