Атырауда әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген 11 жасар қыз полицияға жүгінді

445

Атыраулық ер адам 11 жасар қызын ұрып-соғып, дұға жасауға мәжбүрлеген.

Атырауда әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген 11 жасар қыз полицияға жүгінді

Әкесінен зәбір көріп, үйінен қашып кеткен жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл жайында өзін бейімдеу орталығының қызметкерімін деп таныстырған Дильназ Әділжанқызы әлеуметтік желіге жазды. Оның айтуынша, 11 жасар қыздың анасы түрмеге түскен.

Бостандыққа шыққан соң балаларынан бас тартып, отбасынан кетіп қалған.

"Былтыр жасөспірім қыз әжесінен ауруханаға апаруды өтінген. Аурухана дәрігерлері жасөспірімнің денесінен жарақатты, көгерген дақты, қабырғасы сынғанын анықтаған. Ол кезде бала дәрігерлерге ештеңе айтпаған. Ал, биылғы қаңтарда сыныптасының әкесінен көмек сұраған. Ол жасөспірімді полицияға жеткізген. Полиция қызметкерлері әкесінен қорлық көрген қызды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды", - дейді Дильназ Әділжанқызы Facebook парақшасында.

Қазір психологтар қорлық көрген жасөспіріммен жұмыс істеп жатыр.

Ал полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу