Атырауда әкесін ұрып өлтірді деген ер адам қамауға алынды

945

Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған

Атырауда әкесін ұрып өлтірді деген ер адам қамауға алынды Фото: SN.kz

Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Белгілісі 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қарамастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.

"Индер ауданындағы адам өліміне қатысты қазіргі таңда ҚК 106-бабы 3-бөліімен адамға қасақана дене жарақатын салу нәижесінде адам өліміне әкелген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медицианлық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір -біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр", - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу