“Атырау” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бағаның не себепті өскенін түсіндірді.
Біріншіден, “Желаевский” ұн шығарушы зауыты бірінші сортты ұнның құнын 155-тен 165 теңгеге бір-ақ көтерген.
“Карат” компаниясы да бір келі ұнның бағасын 10 теңгеге қымбаттыпты. Наубайханалар электрэнергиясы, коммуналдық төлемдерге шығын көбейіп, оның үстіне қызметкерлердің айлығын өсіру керек болған соң осындай шараға барыпты.
Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жаңадан қойылған нанның бағасы қазіргі нарықтағы бағамен салыстырғанда 20-30 теңгеге төмен екендігін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу