Атырауда әлеуметтік порталға тіркелген кәсіпкер жоқ

654

Әзірге оны мүмкіндігі шектеулі жандар белсенді қолдануда.

Атырауда әлеуметтік порталға тіркелген кәсіпкер жоқ

Атырау облысында бір де бір кәсіпкер әлеуметтік порталға тіркелмепті. Бұған себеп болып отырған – бизнес иелерінің жеткілікті ақпараттандырылмауы өңірде қажетті құрал-жабдықтарды өндірушілердің болмауы, әйтпесе, мамандар оларға көмектеспек болып отыр, деп жазды inbusiness.kz

Айта кетейік, әлеуметтік қызметтер порталы осы жылдың басында іске қосылған. Бұл автоматтандырылған жүйе мүмкіндігі шектеулі адамдарға техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді. Бұрын бұл процесті құзыретті орган іске асырған. Енді мүмкіндігі шектеулі адамдар портал арқылы өздерінің талап-тілектерін ескере отырып, тауарға немесе қызметке тапсырыс бере алады. 

"Қазіргі кезде облыста мүмкіндігі шектеулі адамдар бұл порталдың қызметтерін белсенді қолданып, ол арқылы оңалтуға қажет барлық құралды сатып алып жатыр. Оған сәйкес, мүгедектігі бар адамдар порталға өз бетінше кіріп, тіркелген жеткізушілер ұсынған тауарды немесе көрсетілетін қызметті таңдайды. Сатып алу үшін оларға тек электрондық цифрлық мөр қажет. Сондай-ақ, тауарды жеткізу немесе өздігінен алып кету қарастырылған. Мемлекеттік органдардың қатысуы тек қаржы қаражатын аударумен ғана шектеледі. Мемлекет түрлі тауар санатына сомаларды белгілейді. Егер  тауар құны лимиттен асып кетсе, осы айырмашылықты тапсырыс беруші өзі төлеуі тиіс", – деп түсіндіреді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева.

Өкінішке қарай, өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстелде Атырау облысында бір де бір кәсіпкердің әлеуметтік порталға тіркелмегені анықталды. Сол себепті мекемелер кәсіпкерлермен осы бағытта жұмыс істеп, ақпараттық қолдау көрсетуге дайын. Әлеуметтік порталмен жұмыс саласында әзірге үлкен бәсекелестік жоқ, сондықтан, оның берер мүмкіндігі де көп болмақ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу