Атырауда алғаш рет халықаралық шахмат фестивалі өтеді

640

Фестивальге қатысу үшін 2022 жылдың 1 тамызына дейін atyrauchessfestival.kz сайты арқылы тіркеуден өту керек. 

Атырауда алғаш рет халықаралық шахмат фестивалі өтеді

Атырауда алғаш рет Динара Сәдуақасова атындағы Шахмат академиясының ұйымдастыруымен "ATYRAU CHESS FESTIVAL 2022" халықаралық шахмат фестивалі өтеді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

2022 жылдың 15-24 тамыз күндері Атырау қаласы "Абай орталығында" өтетін фестивальға халықаралық гроссмейстерлер, шеберлер, әлемнің түкпір-түкпірінен келген әуесқой шахматшылар қатысады.

Фестивальдің жүлде қоры – 13 257 500 теңге. Сонымен қатар фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетіне бакалавриат пен магистратураға грант беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу