Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы баласын асыраудан қасақана жалтарған тоғыз ата-ана анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қалалық прокуратура бұл фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын тіркеген.
Қазірдің өзінде екі борышкерге үкім шығып, олар 12,9 миллион теңге қарыз үшін бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Қалған жеті адамға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Прокуратура ата-аналарға баланы асырау – заңмен бекітілген міндет екенін, ал оны қасақана орындамау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу