Атырауда алименттен жалтарған 30 әке қамауға алынды

361

Атырау қаласында балаларына алимент төлемей жүрген 47 борышкер бар.  

Атырауда алименттен жалтарған 30 әке қамауға алынды Фото: freepik.com

Сот шешімімен оның ішінде 30 борышкерге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырау облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік сот орындаушылары 47 борышкерге Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 669-бабымен хаттама толтырып сотқа жолдаған.

"Борышкерлерге қатысты іс құжаттары сотқа жолданған. Соттың шешімімен 17 борышкерге айыппұл салынды. Ал, 30 борышкерге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Әлеуметтік маңызы бар алименті бар борышкерлерге түсінік жұмысы жүргізілді. Борышкер алиментті өндіру туралы атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін аталған кодекстің 669-бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу