Атырауда алпыстай адам кеңестік құжатпен жүрген

637

Арнайы акция оларға құжатын ауыстыруға мүмкіндік беріп отыр. 

Атырауда алпыстай адам кеңестік құжатпен жүрген

Қазақстанда мыңдаған адам әлі күнге Кеңес одағы кезінен қалған төлқұжатпен өмір сүріп жатыр екен.

Атырау облысында биыл "қызыл" құжатпен жүрген алпысқа жуық адам тіркелген. Олардың барлығы елімізде қыркүйек айында басталған "Кеңес кезеңінен бері құжаттандырылмаған немесе ешқандай құжаты жоқ азаматтарға арналған түсіндірме жұмыстары" акциясы кезінде заңдық тұрғыдан тегін кеңестер алып, жеке бас құжаттарын реттемек. Шара барысында тағы да осындай мән-жайлар жарыққа шығуы әбден мүмкін. 
 
"Жарамсыз құжатпен жүргендер біздің қызметімізге жүгінуіне болады. Біз тегін қызмет көрсетеміз және бұл адам өзге елдің азаматы болса елшіліктермен байланысқа шығамыз. Кейде айыппұлын төлеп беретін жағдайлар да кездесіп жатады", – деді осы мәселеге орай арнайы брифинг өткізген адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары Денис Дживага. Оның айтуынша, адамдар көбінесе мемлекет тарапынан тиесілі көмекке қол жеткізе алмай, құжатсыз жүруінің зиянын бала-шаға, немерелері көре бастаған кезде өкілетті органдарға жүгінуге мәжбүр болып жатады. Сондай-ақ айыппұл төлеуден қашып жүре беретін жауапсыз жандар да бар екен.  

Акция келесі жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. 

Құралай Қуатова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу