Атырауда "Аңсаған сәби" бағдарламасы 500 әйелге бақыт сыйлады

101

ЭКҰ арқылы босанған әйелдер саны оң динамиканы көрсетті.  

Атырауда "Аңсаған сәби" бағдарламасы 500 әйелге бақыт сыйлады Фото: mayoclinic.org

Атырау облысында "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 500 әйел ана атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық әкімдік хабарлағандай, аймақта 2021-2025 жылдар аралығында "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) қызметін алған 500-ге жуық әйел ана бақытына кенелді.

Атап айтқанда, 2021 жылы – 154, 2022 жылы – 131, 2023 жылы – 98, 2024 жылы 84 әйел ана атанды.

"Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша ЭКҰ процедурасынан өткен 44 әйелде жүктілік тіркелді. Қазір осы жылы бағдарламаға енгізілгендердің көпшілігі дәрігерлердің тұрақты бақылауымен емдеу мен оңалту кезеңінен өтуде. Бұл көрсеткіштер өңірде репродуктивті денсаулықты жүйелі қолдау, отбасы институтын нығайту және "Аңсаған сәби" бағдарламасын табысты іске асырудың нақты әрі жарқын нәтижесін айқын көрсетеді", – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрай Махонова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу